БАӘ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, теңіз паромымен саяхатқа шығу екі елдің тұрғындарын билеттердің арзан болуымен және қымбат әуе желілерімен салыстырғанда көп жүктерді өткізу мүмкіндігімен тартады.
Соңғы қырық жылда Рашид порты Дубайдың Парсы шығанағы көлемінде болсын, бүкіл әлемде болсын көлік қатынасында басты рөл атқарып келді, - деп есептейді терминал операторы DP World вице-президенті Мохаммед әл Муаллем. «Біз жолаушыларды Дубайдың жүрегі - Рашид портынан шығатын теңіз паромының қызметтерін пайдалануға қуана шақырамыз», - деді М.Муаллем.
Дубайлық Рашид портынан Иранға паромдық қатынас 2008 жылы көліктік операторлардың кеме тасымалдарына тоғысқанында тоқталды. Өткен аптада Дубайға ирандық Бандар Ленгех портынан 190 жолаушысы бар «Хормуз-12» паромы келді. Қайтып бара жатқанда жүзетін құрал 250 жолаушыны мінгізіп кетті.
Пароммен жеті сағат саяхаттау 250 дирхам (69 АҚШ доллары) тұрады, бұл Тегеранға ұшақпен ұшу билетінен шамамен екі есе аз. Бұл ретте жолаушыларға өздерімен бірге 50 келіге дейін жеке қол жүгін алуға рұқсат етілген. Көлікті тасымалдаушылар автомобильдерін қосымша ақша төлеп өткізе алады.