Қала басшылығы энергияның бұл баламалы көзін өндіруге бағытталған жобаны жүзеге асыруға қала тұрғындары мен жеке компанияларды тартуды көздеп отыр. Атап айтқанда, соңғы екеуі өздеріне тиесілі құрал-жабдықтарды электрмен қамтамасыз етудің қоғамдық жүйесіне қосатын болады. Бұдан былай баламалы энергетиканы шығруды көздегендер табиғатты ластанудан сақтап қана қоймай, жаңа әдіспен ақша табатын болады. Жоспарға сәйкес, алдағы жылдары Дубай энергияның жаңартылған түрлерін ойлап тауып «жасыл қалаға» айналуы тиіс.
«Қаланың кез келген тұрғыны өзіне күн батарейін алып, оны ыңғайлы жерге орната алады. Яғни, адамдарда жеке құрылғыны немесе мемлекеттік желіні пайдалану туралы таңдау құқығы болады. Егер энергияны мемлекеттік желіден пайдаланатын болса, шығындалған энергияны есептеу жүйесіне сәйкес өтемақы төлейтін болады», - дейді әмірліктің Электр энергиясы және су ресурстары департаментінің дирекоры Саиид әл-Тайер.
Алдағы алты айда сарапшылар аталған «жасыл» технология бойынша барлық процедураларды аяқтауды көздеп отыр. «Жасыл шатыр» деген атауға ие болған жобаның таныстырылымы 2014 жылдың сәуір айында Дубайдағы Дүниежүзілік «жасыл экономика» саммиті кезінде өткізілмек.
Жалпы, бүгінде БАӘ-де энергия көздерінің жаңартылған түрлерін шығаруда бірінші орынға талас қарқынды жүргізіліп келеді. Аталған саладағы басты бәсекелес болып мемлекеттің қаржы, техникалық және әкімшілік ресурстары жиналған Әбу-Даби мен Дубай қалалары саналады. Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығы мұндай бәсекелестікті қолдап, бес жылдан соң энерияның баламалы көзінің экономикадағы үлесін бірнеше есеге көбейтуді жоспарлап отыр.