Дубайда әлемдегі аса биік қонақүй ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
71 қабатты қонақүйде 70 - бір бөлмелі және 48 екі бөлмелі апартаменттер бар. Құрылысы 5 жылға созылған ғимарат құрылыс салушыларға 136 миллион долларға түсті.
Апарт-отель бұған дейін әлемдегі қонақүй жылжымайтын мүлкі саласындағы ең биік нысан болып келген 60 қабатты «Араб мұнарасы» дубайлық қонақүйінен 12 метр биік.
Екі жылдан кейін «Араб мұнарасын» екінші орыннан Пхеньяндағы құрылысы 22 жыл бұрын басталған «Рюген» қонақүйі жылжытуы мүмкін. Қонақүйі «мәжнүн тал ордасы» деген мағынаны білдіретін Пхеньянның бұрынғы атауының құрметіне орай аталған. Бастапқыда Солтүстік Корея үкіметі биіктігі 330 метрлік көкпен таласқан ғимаратты 1989 жылы салуды жоспарлаған. Бірақ жобаның қаржыландырылуы 1993 жылы тоқтатылды. Енді «Рюгеннің» құрлысы 2012 жылы аяқталмақшы.