Дубайда әлемдегі ең қымбат көлік саудаға шығарылды

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дубайда әлемдегі ең қымбат көлік саудаға шығарылды, деп хабарлайды 24.kz сайтынан.

Таза алтын, платина мен гауһартастардан жасалған Lamborghini Aventador көлігінің құны 3 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Гиннес рекордтар кітабына 4 номинация бойынша енуге үміткер көліктің қазірге тек кішірейтілген үлгісі жасалған. Дегенмен, бастапқы жарнаны саламын деген сатып алушы пайда болса, оның шынайы түрі жасалмақ. Сонымен қатар көліктің болашақ иесі оны өз қалауы бойынша әрлей алады. Алтын көлікті сатудан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарға жұмсалмақ.