АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда әлемдегі ең ірі күн коллекторымен жұмыс істейтін электр стансасы іске қосылды, деп хабарлайды The National басылымы.
Басылым мәліметтеріне сәйкес, электр станциясының қуаттылығы 700 мегаватт.
Күн сәулесін аулағыш нысан - күн коллекторының биіктігі 260 метрді құрайды. Бұл қазіргі уақыттағы әлемдегі ең биік күн сәулесін өндіруші нысан болып отыр.
Электр стансасы құрылысын Сауд Арабиясы мен Қытайдың мердігер компаниялары жүргізген. Құрылыс құны 3,9 миллиард долларға бағаланды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.