Дубайдағы ең көрікті жерлердің бірі «Бурдж Халифа» ғимаратының маңындағы «Сафа-парк» аумағында бес елдің киіз үй қалашығы құрылды.
Көктем мерекесін тойлауға үш мыңнан астам БАӘ-де тұрақты және уақытша тұратын қазақстандықтар мен басқа да елдердің азаматтары жиналды.
Іс-шараны ашқан Дубайдағы және БАӘ солтүстік әмірлігіндегі ҚР бас консулы Асқар Шоқыбаев жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, бұл мереке Қазақстанда бірлік, ынтымақ, төзімділік, тұрақтылық мерекесі саналатынын атап өтті.
Қазақстандық консулдың құттықтауынан кейін, мерекелік бағдарлама жалғасын тапты. Мұнда ұлттық би билеп, ән шырқаған қазақ диаспорасының балалар ұжымдары өнер көрсетті. Мереке қонақтары қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлі наурыз көжеден дәм татты.