Алладин қаласының жобасы шығыстың дәстүріне сәйкес, алтындатылған құрылғылардан, торлы көмкермелерден жасалған. Онда шығыстың майлы шамын, әсем құмыраны, хош иісті әтірдің сауытын еске салатын негізгі үш мұнара болмақ. Олардың ең ұзыны 450 метрге дейін көтеріледі. Алладин қаласында тұрғын үй кешені, қонақүй, бизнес орталықтары, сауық саябағы мен дүкендер, мейрамханалар мен дәмханалар орын тебеді. Авторларының айтуынша, жобаны жасағанда Дубайдың ерекше қорғалатын тарихи ауданы «Хор-Дубайдың» табиғатына қиянат жасамау жағы ерекше ескерілді. Сол мақсатта жоба судың үстінде жүзеге асырылады. Әмірлік қаласының билігі «ежелгі аңыздар» негізінде тұрғызылатын қала бизнесмендер мен туристердің көңілінен шығады деген ойда.
13:40, 11 Сәуір 2014
Дубайда аңыздар желісімен Алладин қаласы тұрғызылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубай билігі әмірліктің тарихи бөлігінде Алладиннің жабық қаласын салу бойынша ірі жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Ол қала ескі порттың үстінен суда салынбақшы, деді әмірліктің «Әл-Халидж» газетіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі.