Дубайдағы билік өкілдері салауатты өмір салтын дамыту бағдарламасының аясында артық салмақ тастағандары үшін қала тұрғындарына алтын беруді жөн деп тапқан.
Бағдарламаға кез келген тілек білдіруші қатыса алады. Бұл шара мұсылман қауымы үшін қасиетті ай - Рамазанның ішінде 30 күн бойы жалғасады.
Әрбір артық салмақ тастағаны үшін қатысушылар бағасы 45 доллар болатын 1 грамм алтын алып отырады. Бұл ретте, әрбір қатысушы сыйлық алу үшін кем дегенде екі келі салмақтан арылулары керек. Қатысушылардың арасында «Алтын лузерді» алғандары да бар.
Өзгелерден ең көп арықтаған қатысушылардың үшеуі құны 5,4 мың доллар тұратын алтын монета үшін сынға түседі.
«Сенің салмағың алтында» деген атқа ие болған бағдарламаның басталғаны жайлы Дубай муниципалитетінің басшысы Дубай Хуссейн Нассер Лута жариялады.