Дубайда «БАӘ + ТМД елдері» бизнес-форумы өтеді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Әбу-Дабидегі ҚР Елшілігінде алғашқы халықаралық «БАӘ + ТМД елдері» бизнес-форумын өткізудің ұйымдасқан мәселелерін талқылау мақсатында БАӘ-де ТМД елдері елшіліктерінің елшілері мен аға дипломаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

«Ежелгі жол: жаңа мүмкіндіктер» аталатын бұл шара БАӘ премьер-минстрі, вице-президенті, Дубай басқарушысы шейх Мухаммед бен Рашид Әл Мактум бақылауында өтеді.

«CIS Global Business Forum-2016» бизнес форумы жыл сайынғы негізде 2012 жылдан бастап Дубай Сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырған бизнес форум сериясының бөлігі болып табылады. Форум мақсаты - Қазақстан мен ТМД басқа да елдерінің инвестициялық әлеуетін ашу үшін ең жоғарғы деңгейдегі іскерлік алаң құру, сондай-ақ нақты жобаларды бірлесіп іске асыру үшін бизнес орта арасында тікелей байланыстар орнату.

Алдағы бизнес форумға 1 мыңнан астам қонақ қатысады. Олардың ішінде көрнекті экономистер, әлеуетті инвесторлар, банк құрылымдарының, инвестициялық қорлар, іскерлік орта өкілдері де болады деп күтілуде.