Бұл туралы Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайтында хабарланды.
Саябақ Құран Кәрімде аты аталған ағаш пен өсімдіктерден тұрады. Әл Хауаниж қаласында салынатын Қасиетті Құран саябағының құрылысы жайында жоспармен Дубай қаласының жобалар департаменті хабарлаған. Құран Кәрімде аталатын барлық өсімдіктер 60 гектар жерге отырғызылатын болады. Атап айтсақ, анар, зәйтүн майы, жүгері, сарымсақ, інжір, жасымық, арпа, бидай, жанжәбіл, қарбыз, жүзім, банан, қияр, асқабақ, тамаринд, райхан, т.б. өсімдіктер.«Қасиетті Құранда өсімдіктің 54 түрі аталған. Соның 35 түрі біздің саябақта өсетін болады», - дейді департамент директоры Мұхаммед Нұр Машрум. Ас дәмдеуіштердің 15 түрі жылыжайда өседі, ал 20-сы ашық аспан астында.
Сондай-ақ, саябақта Құранда айтылған мұғжизаларды аудио және бейне материалдар арқылы көрсететін арнайы бөлме де болады. Мұхаммедтің айтуынша, саябақ халықты Құраннан хабардар ету мақсатында салынбақ.