АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда болған жол-көлік апатынан қазақстандық Наргиз Тасибаева көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне ҚР Сыртқы істер министрлінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
Ресми өкілдің айтуынша, қайғылы оқиға 23 маусым күні түнде болған. 1983 жылы туған қазақстандық әйел Дубайда шаштараз болып жұмыс істеген және онда жалғыз тұрған.
«Наргиздың туыстары Өзбекстаннан табылды, ал өзі Қазақстан азаматы. Жақын арада оның мәйіті елге әкелінеді», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Полиция жол-көлік апаты себептерін анықтап жатыр.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.