Дубайда өртенген қонақүйдің алдында селфи жасаған жастар қамаудан босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубай прокуроры фотосурет авторларына қарсы қозғалған қылмыстық істі жауап тастады, себебі олардың әрекеттерінен қаскөйлік ниет анықталмаған, деп хабарлайды ресейлік «РИА Новости» агенттігі.

Дубайда Жаңа жыл қарсаңында өртенген Address Downtown қонақүйінің алдында тұрып фотоға түскен жігіт пен бойжеткен қамаудан босатылды, делінген Dubai Media Office мәлімдемесінде.

Дубайдың бас прокуроры Исам әл-Хумейдан фотосурет авторларына қарсы қозғалған қылмыстық істі жабу туралы шешім қабылдады, себебі олардың әрекеттерінен қастық ниет анықталмаған.

Алайда, әлімдеме жасаушы бас прокурор көпшілікті әлеуметтік желілерге кез келген материалдар орналастырудан сақ болуға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, жастардың өртеніп жатқан биік ғимараттың алдына түскен фотосуреті әуелі Tуиттер әлеуметтік желісінде пайда болып, кейін оны әлемдік БАҚ таратқан болатын.
Фото: © AP Photo/ Jon Gambrell