Дубайда салынып жатқан зәулім ғимаратта өрт шықты

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Дубаида «Джумейра серкл» (Jumeirah Circle) ауданында салынып жатқан зәулім ғимаратта өрт шықты.

Өрт бүгін жергілікті уақытпен сағат 12.45-те басталды. Дубай әмірлігінің азаматтық қорғаныс бөлімшесінен төтенше оқиға болған жерге жақын маңдағы «Марина» және «Порт Сайед» аудандарынан өрт сөндіру күштері шыққанын хабарлады.

Зардап шеккендер жөнінде ақпараттар жоқ. Куәгерлердің өрт болған жерден түсірген бейнежазбаларында жалын құрылыстың жоғарғы вабаттарын шарпығаны көрінеді.

Өкінішке орай бұл ағымдағы жылы Дубайда болған алғашқы ірі өрт емес. Жаңа жылдың қарсаңында әмірлік мегаполисінде атақты «Бурдж Халифа» зәулім ғимараты маңындағы The Address биік қонақүйі жалынға оранған болатын.

Өткен айда «Дубай Марина» ауданындағы туристерге жақсы танымал биік ғимаратта да өрт болды. Дегенмен өрт салдарынан ғимарат тұрғындарынан ешкім зардап шеккен жоқ.