Дубайда тағы да өрт: Зәулім қонақүй отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Дубайда Марина ауданы маңындағы Movenpick қонақүйінің ғимараты өртенді.

Басшылық жағдай бірден бақылауға алынғаны айтты, персоналдар мен қонақтар шұғыл көшірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске салсақ, Дубайда бұған дейін Tiger Tower зәулім ғимаратында өрт шыққан болатын, ал 4 тамызда әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі    - «Факел» отқа оранды.