Тыйым 31 мамыр күні түнгi сағат 12-ден басталып, 1 маусымға дейiн жалғасады. Темекi өнiмдерiнiң сатылымын шектеуге Дубай әмiрлiгiндегi жанар-жағар май құю стансалары мен супермаркеттер келiсiмдерiн берiп отыр. Аталмыш бастама жыл сайын Дубай қаласының әкiмшiлiгiмен насихатталып келедi.
Темекісіз дүниежүзiлiк күні 1988 жылдың 31 мамырынан бастап атап өтілуде. Аталмыш дата Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ассамблеясының 42-сессиясында Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылды.