Дубайда жағажайға қоқыс тастайтындарды дрондар қадағалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубай муниципалитеті (БАӘ) қалалық жағажайларды ластайтын азаматтарды бақылау үшін ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды пайдаланбақ, деп жазады Gulf News.

Дубайдың қалдықтарды басқару департаменті эксперимент аясында ұшқышсыз басқарылатын бір дронды сатып алды. Шенеуніктердің айтуынша, оны пайдалану тиімді болып шығып, оң нәтижелерін беріп жатыр. Департамент жағажайлар мен шөлдердің жағдайын инспекциялау үшін тағы екі дронды сатып алмақшы.

Бастапқыда ұшқышсыз басқарылатын құрал Әл-Құсайыс, Жебел-Әли және Әл-Варсан аудандарындағы қоқыс төгу орындарын қадағалауы тиіс еді. Ережелерге сәйкес, онда үйілнген қоқыстың биіктігі 30 метрге жетеді, ал оларды инспекторлар онда жете алмайды. Ұшқышсыз басқарылатын аппарат оларды жағымсыз жұмыстан босатып, уақыттарын үнемдейді.

Дубайда  қалдықтарды басқару департаментінің директоры Абдул Мәжид Әл Сайфайенің айтуынша, дрондар жағажайлар мен демалыс орындарын, шөл даланы ластап отырған адамдарды, сондай-ақ жүк көліктерінен қалдықтарды заңсыз төгілуін қадағалайды. Ұшқышсыз басқарылатын құралдар қаланың түрлі аудандарында ұшып, тәртіп бұзушыларды жоғары биіктіктен суретке түсіреді.

БАӘ-да дрондардың жұмысы заң жүзінде 2015 жылдың сәуір айынан бастап реттелуде. Таспалары бар дрондарды тұрғын аудандарда пайдалануға тыйым салынған. Ұшу 122 метрден аспайтын биіктікте, қолайлы күн райы жағдайында рұқсат етілген.