Дубайда жаңа көрнекті орын пайда болады
08:44, 03 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қараша айында Дубайдағы ZabeelPark саябағында жаңа көрнекті орын пайдалануға берілмек, деп хабарлайды thefirstgroup.com.
2013 жылы басталған жобаның құрылысына 43,6 миллион доллар жұмсалған. Жақтаушаның биіктігі 150 метр, көлемі - 93 метр. Пішіні фотосурет немесе картинаға арналған жақтаушаны еске салатын құрылыс қаланың көптеген нүктелерінен көрінеді. Оның бір жағынан қазіргі заманғы Дубайды, ал, екінші жағынан қаланың көне бөлігін көруге болады.
БАҚ мәліметінше, ғимараттың бірінші қабатында музей және көрме залдары ашылады деп жоспарланып отыр. Кең көлемді лифт келушілерді бүкіл қала көрінетіндей биіктікке көтереді.