«Дубай болашақтың қаласының әлемдік үлгісі ретінде өзін-өзі басқаратын көлік технологиясын енгізудің және дамытудың сынақ алаңына айналды», - деп жазды ол «ақылды» автобус суретінің астына, ол он жолаушыға арналған.
Жүргізушісіз автобуспен кез келген кісі серуендей алады. Ол озық сенсорлық датчик жүйесімен және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи құралдарымен жарақтанған. Автобус жол бойы қозғалыс үстінде лазермен оны адам басқарып келе жатпағаны туралы дабыл беріп отырады. Ойдағыдай тестілік сынақтан өткеннен кейін Дубай үкіметі 2020 жылы Дубайда ашылатын «ЭКСПО» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі кезінде туристерді тасымалдау үшін осындай автобустарды сатып алады.
Шейх Әл Мактум атап өткендей, Дубайда көлікті дамытудың жаңа стратегиясына сәйкес 2030 жылға қарай кәдімгі автобустардың төрттен бірі өзін-өзі басқаратын көлік құралдарына ауыстырылады.