Мейрамхана 2025 жылғы ақпанда Дубайдың халықаралық қаржы орталығында ашылған. Мұнда түрлі гастрономиялық дәстүрлер мен бас аспаз Арслан Бердиевтің түрікмен мұрасының элементтерін ұштастыратын авторлық тағамдар ұсынылады.
Michelin сарапшылары Бердиевтің түрікмендік тамырына, саяхаттарына және сапалы өнімдермен жұмыс істеуіне арнайы назар аударған.
Бұл мейрамхана Michelin жұлдызына алғаш рет ие болған екі мекеменің бірі болды. 2026 жылғы гидке енген Дубайдың 14 мейрамханасы бір жұлдызбен марапатталған.
Мейрамхана тұжырымдамасының негізінде тек қымбат немесе сирек кездесетін өнімдерді пайдалану емес, тағам әзірлеу техникасына, уақытқа және қарапайым ингредиенттердің өзінен ерекше дәм шығара білуге мән беру жатыр.
Michelin жұлдызы гастрономия саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі саналады. Ол мейрамханаларға ас мәзірінің жоғары сапасы, тағам әзірлеу шеберлігі, дәмдердің үйлесімділігі, аспаздық тұжырымдаманың ерекшелігі және тағам сапасының тұрақтылығы үшін беріледі.
Қазақстанда AJISEN RAMEN мейрамханалар желісін дамыту көзделіп отыр.