Кездесуде аталған көрмеде Қазақстан павильонын ашу, сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында «Global Village» кешенінде Қазақстан күндерін өткізу келісіміне қол жеткізілді.
«Global Village» кешені 1997 жылы ашылды және ол Дубайдың көрікті орындарының бірі болып саналады. Оған келушілердің саны жыл сайын 6 миллион адамға жетеді. Көрме 30-дан астам павильонды біріктіреді.