Шведова үш сетте Диястан 6:4, 3:6, 6:4 есебімен басым түсті. Іріктеудің екінші айналымы бойынша Шведованың қарсыласы Словакия өкілі Кристина Куцова мен қытайлық Яфан Ван арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ, деп жазды sports.kz.
15:35, 13 Ақпан 2016
Дубайдағы турнирде Шведова Диястан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова сыйлық қоры екі миллион долларды құрайтын Dubai Duty Free Tennis Championship іріктеу турнирінде өзінің отандасы Зарина Диясты жеңді.