Дубайдағы жаңа жылдық отшашу Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - 450 мың отшашудан тұрды және алты минутқа созылды. Дубайдағы жаңа жылдық отшашу әлемдегі ең ауқымды және ең ұзаққа созылғаны ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді, деп жазады ria.ru.

Рекорд ресми түрде Дубайда Гиннестің Рекордтар кітабы өкілдерімен тіркелді. Осылайша, Дубай 2012 жылы Кувейтте орнатылған рекордты жаңартты. Отшашу Дубайдың 100 шақырым жағалау бойында орнатылған 400 орыннан көкке атылды.

Салютті ұйымдастыруда 200-ден астам пиротехник жұмыс істеді. Отшашуды мыңдаған адам - Дубай тұрғындары мен туристер бақылады.