Оларға демалыс орнының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Карантин кезінде барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Ал олардың сыртқа шықпауын арнайы күзет бақылайды.
Жолаушылардан облысқа келген бетте COVID-19 инфекциясына анализдер алынып, эпидемиологиялық тексерулер жасалады. Тексеру нәтижелеріне сәйкес арнайы автобустармен тұрғылықты жерлеріне жеткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанға БАӘ-нен 135 адам ұшақпен жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз. Олардан алынған сынама COVID-19 инфекциясына теріс нәтиже беріп, жолаушылар екі күндік карантиннен соң тұрғылықты жерлеріне арнайы көлікпен жеткізілген еді.