Ұзындығы 13821 км жолды жүріп өтуге 17 сағат 35 минут уақыт кетеді, билеттер құны $2,1 мың басталады. Рейс осыған дейінгі рекордшы болған австралиялық Qantas әуетасымалдаушысының Сидней-Даллас бағытынан 17 км ұзағырақ болады.
Жолаушыларды тасымалдау бойынша абсолютты рекордты Boeing 777-200LR лайнері 2005 жылы орнатқан. Ол кезде 8 экипаж мүшесі мен 27 жолаушы Гонконгтан Лондонға дейін 21602 км ұшып өтті. Ұшу уақыты 22 сағат 22 минутты құрады.