Дубайдың негізгі әуежайында рейстер саны қысқартылмақ

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - 1 мамырдан бастап Дубайдағы (БАЭ) «Әл Мактум» халықаралық әуежайында ұшу жолақтарын жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар шашамен 80 күнге жалғаспақ, деп хабарлайды шетелдегі тілшіміз.

Соған байланысты 14 шетелдік әуе компаниялары өз ұшақтарын мегаполистің оңтүстік бөлігінде орналасқан «Dubai World Central» (DWC) жаңа терминалына қондырмақ. «Әл Мактум» әуежайындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанша рейстер саны 26 пайызға қысқартылады.