Фарс провинциясы азаматтық авиация департаментінің хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы бірінші ұшқыштың есінен танып қалуына байланысты төтенше жағдай жариялап, шұғыл қонуға мәжбүр болған.
Әуе кемесі халықаралық маршрут бойынша Ташкенттен Дубайға бет алған. Шираз қаласының әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00 шамасында шұғыл қонған. Ұшақ Дубайдан әуе акомпаниясының басқа ұшқышы келгеннен кейін сағат 16.00-де межелі жерге ұшып кетті.
Фото: belta.by