Бұл жөнінде көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов хабарлады.
Оның айтуынша, жыл басынан бері департаментте 19 209 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Сондай-ақ, қаңтар және мамыр айлары аралығында көлік полицейлерімен түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін жолаушылар пойызы мен ұшақтан акті бойынша 701 азамат түсірілді.
Оның 437-сі - пойыздан, ал 264-і - әуе көлігінен.
Мәселен, 4 маусымда Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция қызметкерлері «Дубай – Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсінен акт бойынша құқықбұзушы әйелді түсірді.
Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің бортында темекі өнімін тұтынған 21 жастағы Өзбекстан азаматшасын анықтады.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы 1-2 бөлігімен, яғни, әуе кемесінің бортында темекі тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш (153 150 теңге) көлемінде айыппұл салынды.