Дублинде түсік жасатуға ресми түрде рұқсат беруге қарсы шерулер өтті

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Ирландияның Дублин қаласында 25 мыңнан астам шеруші түсік жасатуға қатысты үкіметтің жоспарларына қарсылық білдіру мақсатында көшелерге шықты.

Акция «Өмір үшін еруілдер» атты қарқын алып келе жатқан іс-шарасының бір бөлігі болып табылады, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Ереуіл барысында Дублиннің католиктік архиепископы Диармуд Мартин «аналардың құрсағында жатқан сәбилер үшін» арнайы шіркеулік рәсімін өткізді.

Бір мезгілде жасанды түсікті қолдаушылар Ирландия көшелерінде өздерінің акцияларын өткізді. Дублин полициясының мәліметінше, олардың қатысушыларының саны 200 адамнан асып жығылды.

Өткен айда Ирландия үкіметі ананың өміріне қауіп болған жағдайда әйелдерге жүктіліктерін жасанды түрде тоқтатуға рұқсат беруге дайын екендігін жариялады. Мұндай шешім қабылдауға түсік жасатуға рұқсаттың берілмеуінен болған жас әйел Савита Халаппанавардың өлімі себеп болды.

Атап өтейік, Ирландия халқының дені түсіктерге оң қарамайтын католизм дінін ұстанады. Төрт католиктік архиепископ үкіметтің жоспарын сынға алып үлгерді.