«Дудар-ай» әнін орындаған сібе ұлтының өкілі жұрт назарын аударды – CNR

Фото: mp.weixin.qq.com

АСТАНА. KAZINFORM – 14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы өкілінің «Дудар-ай» әнін орындаған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып, жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы». 

Әнді орындаушы Іле облысына қарасты Шапшал сібе автономиялы ауданы, Шапшал қалашығы партия көмитетінің орынбасар төрағасы, қалашық бастығы Күң Фифи есімді азаматша екен.

Күң Фифи өз ұлты басқа болса да қазақтармен жиі араласып тұратынын, соның арқасында «Дудар-ай» әнін үйренгенін айтады.

«Біздің қалашыққа қарасты Ұзынбұлақ дейтін қыстақ бар, бұл қыстақ автономиялы өлке бойынша ең үлгілі қыстақ. Онда негізінен қазақ ұлты қоныстанған. Мен осы тұрғындардың үйіне көп барамын, «Дудар-ай» әнін солардан үйрендім», - дейді Күң Фифи.