Дуэйн Джонсон Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат актер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лақап аты 'Құз' (The Rock) Дуэйн Джонсон Frobes журналының нұсқасы бойынша әлемде ең көп ақы төленетін актерлер рейтингінде бірінші орын иеленді.

  Ол өткен жылы  64,5 млн доллар тауып, кіші  Роберта Дауниді басып озды.

Актер, рестлер  Джонсонның ақшасының көбеюіне  "Полтора шпиона"  фильмі мен  "Форсаж" және  "Спасатели Малибу", сондай-ақ "Разлом Сан-Андреас" туындыларының кезекті шығарылымдарының гонорары себеп болды.

  Джонсоннан басқа бірінші бестікте Джеки Чан (61 млн доллар), Мэтт Дэймон (55 млн доллар), Том Круз (53 млн доллар), Джонни Депп (48 млн доллар) бар.