Дүкен тонаған қостанайлық полицияға өз еркімен келді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы  «Тополек» дүкенін тонаған үшінші күдікті кінәсін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 наурыз күні дүкен тонаған үшінші күдікті учаскеге өзі келіп, кінәсін мойындады. Ол 23 жаста. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салсақ, белгісіз біреулер 27 ақпанда сағат 04:00 шамасында қала орталығындағы «Тополек» дүкенін тонап кеткен.  Қостанай қаласы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Руслан Жұрқабаев дүкеннен 200 мың теңге ақшалай қаражаттың қолды болғанын айтты.