деп хабарлады РБК.
Бұл БАҚ-та Еуропада польшалық Magnolia компаниясының кондитерлік тәттілерінің сатылымнан алып тасталғаны жөнінде пайда болған ақпараттан кейін орын алды. Импортер-фирманың ескерткеніндей, ресейліктерге де сатылған вафлилердің құрамында егеуқұрықтың уы болуы әбден мүмкін. Егеуқұйрықтың уы кездейсоқ вафлидің құрамындағы құрғақ сүтке араласып кеткен.
«Аталмыш Magnolia компаниясынан хабарланғандай, кәсіпорын шығарған вафлидің құрамында егеуқұйрықтың уы болуы мүмкін. Алдын ала деректер бойынша, қауіпті химикаттар кондитерлік тәттілерді жасау үшін қолданылатын құрғақ сүттің құрамында болуы мүмкін», - деп хабарланды Кузбас әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Кемеров облысының губернаторы Сергей Кузнецов қала, аудан басшыларына және сауда жүйелерінің жетекшілеріне тәттілерді сатуда бақылауды күшейтуді тапсырды. Егеуқұйрықтың уы қосылған вафли Словакия, Чехия, Германия және Литвадағы дүкендердің сөрелерінен алынып тасталды.