Бұл туралы өңірлік ІІМ ММ сайты хабарлады.
«Қаскүнем Надеждино ауылындағы дүкеннің сатушысын тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, түскен қаржыны алып кеткен. Сатушының айтуынша, ұрлықшы дүкенге шаңғысын алып кірген. Полицейлер оның қай бағытқа кеткенін шаңғы ізінен білген. Ол Ульяновский облысына қарай тартқан. Ішкі істер қызметкерлері ұрыны барар жеріне жеткізбей ұстады», - делінген ведомствоның хабарламасында.