Онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында коронавирусты дүкенге барғанда жұқтырып алу мүмкіндігі туралы сұралды.
«Коронавирустың таралуы жағдайлары белгілі, яғни көбіне ауа-тамшылы жолмен жұғады. Шынымен де профилактика шараларын сақтамаған кезде инфекцияны жұқтыру қаупі жоғарылай түседі. Бұл тұрғыда маска тағы, қолды жиі жуу сияқты қарапайым талаптарды ұстану керек», - деді вице министр.
Осы орайда ол қоғамдық жерлерде, дүкенде екі метр арақашықтықты сақтап, маска тағу қажеттігін, сондай-ақ қолды дезинфекциялау керектігін атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелмегенін жеткізді.
Сонымен қатар ол күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін екенін айтты .