Дүкенге келген әрбір қазақ азаматы тек туған тілінде ғана сөйлеуі тис - «Жас Отан»
«Жас Отан» жастар қанатының бөлім меңгерішісі Айжан Мұқанованың атап көрсеткендей, бүгінде дүкенге келген кез келген тұтынушы азамат кассаға жақындаған кезде орысша сөйлей бастайды. «Бұл, әрине, біздің ескі психологиямыздың көрінісі. Қазіргі кезде оны өзгертіп, халық көп жиналатын дүкендер сияқты жерлерде тек қазақ тілінде ғана сөйлеуді әдетке айналдыру қажет. Ол үшін біз «Мен қазақша сөйлеймін» деген жазуы бар төс белгілерді шығарып, оларды елордадағы дүкен сатушыларына таратуды жоспарлап отырмыз. Біздіңше, осы төс белгідегі жазуды көрген кез келген қазақ азаматы алғашқы сөзін өзінің туған тілінде бастайды деп ойлаймыз», - дейді А.Мұқанова.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Жас Отан» жастар қанаты «Мен қазақша сөйлеймін» деген төс белгілердің 200 данасын шығарды. Болжам бойынша, Астанадағы барлық сауда орындарын қамту үшін осындай 10 мыңға жуық төс белгі қажет.