Дулат Бекбауов Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Чиангмай (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Дулат тайбэйлік Ванг Чиуанға қарсы жекпе-жек өткізіп, қарсыласын қапы қалдырды. 

Нақтырақ айтар болсақ, отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен қарсыласынан басым түсті. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Еске салсақ, бұған дейін Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының жеребесі тартылғанын жазған едік.