Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Дулат тайбэйлік Ванг Чиуанға қарсы жекпе-жек өткізіп, қарсыласын қапы қалдырды.
Нақтырақ айтар болсақ, отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
Еске салсақ, бұған дейін Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының жеребесі тартылғанын жазған едік.