Дулат Бекбауов елордадағы бокс кешінде Харитон Агрбадан жеңілді

67 келіде 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 2019 жылғы Еупопа ойындарының күміс жүлдегері, WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта 10-орында тұрған Харитон Агрбадан (12-0, КО 8) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Sports.kz

67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшылар сегіз раунд бойы жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазылар алқасы ресейлік боксшыны жеңімпаз деп таныды. 

Еске салайық, бұған дейін бұған дейін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан басым түскенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан да кубалық былғары қолғап шеберін айқын басымдықпен жеңді.

Құраманың үздігі Асланбек Шымбергенов мексикалық боксшы Хосе Мигель Боррегодан, Ерасыл Жақпеков нидерланд боксшысы Градус Клаустан жеңіліп қалды. Тағы бір отандасымыз Серік Теміржанов Сербия атынан сынға түскен боксшыға есе жіберді. Ал, Бекзад Нұрдәулетов ресейлік боксшыны қапы қалдырды.