Дунай жағасынан көмілген қазына табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс археологтары Дунай жағасынан біздің заманымызға дейінгі 583 жылы көмілген әйелдің сүйегінің қалдықтарын, сондай-ақ алтын, қола және кәріптас бұйымдарын тапты.

Оған қоса, молада тасқа айналған кірпі мен аммондық ұлу болған.

Қазба жұмыстарының жетекшісі Дирка Крауссаның айтуынша, 2,6 мың жыл бұрын көмілген қабірдегі бағалы бұйымдар әйелдің абыздар әулетіне тиесілі екендігін дәлелдейді.