«Дүние - бекет, біз - керуен» хабары эфирге жол тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 маусымнан бастап, Қасиетті Рамазан айына орай «Шалқар» ұлттық радиосы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Хикмет» телерадиостудиясының бірлескен жобасы «Дүние - бекет, біз - керуен» хабары эфирге жол тартады, деп хабарлады muslim.kz сайты.

Хабар адамзат баласының екі дүниедегі ғұмыры мен шариғат өлшемдері туралы сыр шертеді.

Эфирге шығатын уақыты: күн сайын, сағат 09:05 және 20:45 де.