«Дүние күйіп кетсе де»: Өртеніп жатқан көліктің қасында ер адам алаңсыз көше сыпырып жүр
Бұл видео Инстаграм желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланды.
Назарбаев-Райымбек көшелерінің қиылысында BMW X5 көлігі өртке оранған.
Ал жолдың бергі бетінде ер адам алаңсыз көше сыпырып жүр.
Қолданушылар ер адамның іс-әрекетіне қатысты нешетүрлі пікір қалдырды. Бірі «маған осы жігіттің салқынқандылығын берсе ғой» деп жатса, chadievna_.g есімді желі қолданушысы «Бұл аула сыпырушыға машина не керегі бар? Оған өмірі маңызды. Атылып кетсе, оның семьясын кім асырайды?» деп жазған.
Қалалық ТЖД хабарлауынша, төтенше жағдай 08:32-де орын алған. Көліктің мотор бөлігінде өрт тұтанған.
Өртті 08:34-де ауыздықтау мүмкін болды. Тілсіз жау 3 шаршы метр аумақты шарпыды.
Көлік иесі өрттен зардап шеккен жоқ.
Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 20, 2018 at 8:13 PST