Адамзат дүниежүзіндегі азық-түлік өндірісінің бестен бір бөлігін ысырап етеді. Бұл туралы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының 2022 жылы жиналған деректерінде айтылған.
Қалдықтардың басым бөлігі (60%) үй шаруашылықтарынан шығады. Әр адам жыл сайын 79 келі тамақ немесе тамақ қалдықтарын тастайды.
Сарапшылар жер шарында сегіз жүз миллионға жуық адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегетінін баса айтады.
Баяндама авторлары атап өткендей, азық-түлік қалдықтары жаһандық экономикаға зиянын тигізіп отыр әрі климаттың өзгеруіне, табиғи ортаның ластануына және бұзылуына ықпал етеді.