бірнеше корпорациялардың жүйесіне заңсыз енді деген айыптар тағылуда, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Ол «данышпан» - Словенияның 23 жастағы азаматы болып шықты, лақап аты - Iserdo. Федералдық тексеру бюросының ақпараты бойынша, хакер жергілікті құқық қорғау органдарының, федералдық бюроның және испан өкіметінің қатысуымен ұзақ уақыт бойы жүргізілген тексерудің барысында қолға түскен.
Iserdo, осыдан 5 ай бұрын испан полициясы компьютерлік алаяқтықтары үшін үш хакерді тұтқындағаннан кейін тұтылып отыр. Бұл топтың мүшелері Maripos бот-желісі арқылы онлайн режімде несие карталарын және банктердің тіркеу мәліметтерін ұрлаумен айналысқан.
Бот-желісі дегеніміз - вирусқа шалдыққан компьютерлер желісі. Maripos бот-желісі 2008 жылдың желтоқсан айында құрылған.