Көптеген елдегі пайдаланушылар осы мәселе бойынша шағымданды. Қазақстанда WhatsApp мессенджері жұмыс істемей тұр.
Ал әлемдегі пайдаланушылар Facebook-ке кіре алмағынын, оған қатысты сервистер қолжетімсіз екенін айтып шағымданды.
Downdetector сервисінің мәліметінше:
Facebook: 88% қолданушының айтуынша сайтта ақау бар, 11%-ы сервиске кіре алмаған.
Instagram: 54% қолданушыда жүктелмеген, 31%-да авторлану проблемасы, 14% веб-нұсқасына қосыла алмаған.
WhatsApp: 54% серверге қосыла алмаған, кейбіреулері мессенджердің веб нұсқасына қосыла алмаған немесе авторлану проблемасы.