«...Әлемдегі экономикалық дағдарыс толығымен еңсерілмей жатып, оның келесі толқыны бой көтеріп отыр. Қазақстан жаһандық экономиканың құрамдас бір бөлігі болғандықтан, қаржылық-экономикалық тығырықтың қыспағын сезінбей қалуы мүмкін емес. Соның алдын алу мақсатында Елбасы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» стратегиялық Жолдауын халыққа жария етті. Бүгінде осы құжат аясында нақты қадамдар жасалуда», - деп мәлімдеді Т. Мамашев.
Оның айтуынша, геосаяси шиеленіс, соның салдарынан құлдыраған экономика жалпы дамуға кедергі келтіруде.
«Бұл жайттар қоғамды алаңдататыны рас. Осындай жағдайда елді күттірмей, Президенттік сайлауды кезектен тыс өткізген дұрыс деп ойлаймыз», - деп атап өтті Т. Мамашев.
Оның айтуынша, шет елдегі қазақ диаспорасы тарихи Отандарындағы осындай ұлы іске сүйсіне тілеулестіктерін білдіруде.
«Мәселені әріден түсінген тұтас халық, елдің игі жақсылары, Дүниежүзі қазақтары - Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын қолдап, үн қатады. Бұл - «Мәңгілік ел» идеясы жолындағы басты қадамдардың бірі деп санаймыз», - деп түйді Т. Мамашев.