деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Он күнге созылған бұл сапар барысында олар қазақтар тығыз орналасқан жерлерде кездесулер өткізіп, олардың қал-жағдайын өз ауыздарынан естіп қайтқан. «78 мың шақырым жол жүріп, Қытайдың Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданын, Құмыл қаласын, Баркөл және Мори қазақ автономиялы аудандарын толықтай араладым. Сондай-ақ Алтай, Буыршын, Жеменей сияқты қазақтар тығыз қоныстанған жерлерде 8 кездесу өткізіп, мыңға жуық қандасымызбен дидарластым», дейді Талғат Мамашев. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 1-ші орынбасары мен «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы Жәди Шәкенұлы бастаған шағын топтың бұл сапары бейресми түрде өткен.