Дүниежүзілік банк: 2015 жылы мұнай баррелінің орта бағасы 60$ шамасында болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банктің президенті Джим Ён Ким 2015 жылы мұнай баррелінің орта бағасы 60$-дың айналасында болады деп бағамдайды.

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлайды.

Мұнай баррелінің орта бағасы 2014 жылы 96 доллар шамасында болды, қазір ол 50 доллардан сәл төмен. Ал, 2015 жылы бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 30 пайыз төмен, яғни 60 доллардың айналасында болады», - деді Давоста өткен Бүкіләлемдік экономикалық форумда Дүниежүзілік банк басшысы.

Осы жағдайдан Нигерия, Венесуэла, Колумбия және Ресей экономикасы зардап шексе, керісінше Индонезия мен Индия арзан мұнай өнімдеріне қол жеткізбек.