Дүниежүзілік банк 2018 жылғы Қазақстанның ЖІӨ болжамды өсімін 2,6%-дан 3,7%-ға көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік банк (ДБ) 2018 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің болжамды өсімін 2,6 проценттен 3,7 процентке дейін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ДБ-ға сілтеме жасап.

Дүниежүзілік банктің Қазақстан экономикасы туралы көктемгі шығарылымда 2018 жылы ЖІӨ болжамды өсімін қайта қарады. Осыған сәйкес, мұнай өндіру құны мен көлемі бойынша болжамдардың жақсаруына байланысты 2,6 проценттен 3,7 процентке жоғарылатты. Сондай-ақ, ЖІӨ өсімі 3 проценттің айналасында болады. Себебі, мұнай саласының экономикалық өсімге қосқан үлесі 2017-2018 жылдары азаяды.

«2018-2020 жылдары болжанған мұнай бағасының баррелі 65 АҚШ долларына жететіндігін ескере отырып, ағымдағы операциялардың шот балансы 2015-2017 жылдары байқалған тапшылықтан 2018-2020 жылдардағы профицитке жетіп, жақсаруға тиіс», - деп атап өтті халықаралық қаржы институтынан.

Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет тапшылығы салық-бюджет саласын нығайту арқылы бірте-бірте жақсаратын болады