Індет Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінің экономикасын едәуір шайқалтқан. Халықаралық ұйым сарапшыларының мәлімдеуінше, қатерлі дерттің кесірінен үш елдің ішкі жалпы өнімі 2 миллиард долларға кеміген. Сол себепті Вашингтонда өткен жиында қара құрлық елдерінің басшылары Дүниежүзілік банктен тағы 8 миллиард доллар бөлуді сұрады.