Дүниежүзілік банк Қазақстан реформаларын жоғары бағалады
АСТАНА. қазАқпарат - Бүгін ОКҚ алаңында Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша бас экономисі Ханс Тиммер Дүниежүзілік банктің «Шикізаттың төмен бағалары мен әлсіз валюталар» атты жаңа баяндамасын оқып шықты.
Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша бас экономисі әлемдік тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның қолданып отырған шаралары жөнінде сөз қозғады.
«Өсімнің баяулап, сыртқы ортаның нашарлауы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Қазақстанның макроэкономикалық саясатының тұрақтылығын нығайту және құрылымдық реформаны жүзеге асыруды жалғастыру қажеттілігін көрсетіп отыр», - деп мәлімдеді Х.Тиммер.
Ханс Тиммер инвестициялардың географиялық бағытталуын «Нұрлы жол» бағдарламасы қолдап отырғаны, ал бұл кедейлік деңгейінің қысқарып, жалпыға ортақ гүлденуге айтарлықтай септігін тигізіп отырғанын атап өтті.
«Бұдан басқа, спикер қазіргі кезде іске асырылып отырған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына баға берді. «Біз «100 нақты қадам» Стратегиясына оң бағамызды беріп отырмыз. Бұл бес бағытты қолдау - мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы, сондай-ақ бизнес-климатты құру. Бұл аталған жағдайда өмірлік маңызы бар аспектілер», - деді ол.
Таныстырылым соңында Х. Тиммер Ұлт жоспарының табысқа жету мүмкіндігі өте жоғары екенін қосып айтты.